Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дұғаның құдіреті…

Дұғаның құдіреті…

Дүниеде еш жақсылық жасамаған, адамдарға азар беретін бір кісі қайтыс болыпты. Оның жаназасын шығаруға ешкім келмепті. Сонда әйелі ерін өзі кебіндеп, бір арбаға салып, көму үшін ауылға жақын жердегі тауға алып келіпті. Тауда қойларын бағып жүрген шопан әйелдің әбіржіген түрін көріп, хәлін сұрайды. Әйел болған оқиғаны айтқанда шопан қабір қазып, жаназасын шығарып, дұға оқып марқұмды жерлейді.

Әйел қышлағына қайтады. Сол түні қышлақ имамынан бастап бірнеше кісінің түсіне жаңағы қайтыс болған кісінің жәннәттық болғаны аян беріліпті. Ертесіне қышлақ тұрғындары бұл аян түстің себебін білуге марқұмның үйіне барыпты.

Оның әйелінен: Ерің үнемі бізге зұлымдық жасап келді. Жақсы ісін көрмедік. Бірақ Алла оған неге Жәннәтті нәсіп етті? – деп сұрайды.

Әйелі ойланып-ойланып ерінің өмірінен бір жасаған жақсылығын есіне түсіре алмапты. Тұрғындар марқұмның әйелінен кеше не болғанын сұрады. Әйел бәрін баяндап берді. Сонда олар: "Мұнда бір гәп шопанда екен, демек оның тегін адам болмағаны" деп ойлап тауға бет алыпты. Барып қараса жігіт қарапайым шопан, жүзінен тектілік ізі де байқалмайды.

Одан сұрапты:
— Ей, жігіт, Алланың сүйіктілеріненбісің? Сен кеше көмген кісінің жәннәттық болғанын түсімізде көрдік. Кеше өзі не болып еді?
— Мен әулие емеспін. Кеше мен көр қаздым, марқұмды жерледім. Жаназасын шығардым. Соңынан дұға жасадым.
— Ия, не деп дұға қылдың?
— Былай дедім: — Е, Алла! Мен өмір бойы осы тауларда шопандық етіп келдім. Бұл тауларға Сенің сәлеміңді айтып келген әрбір жолаушыны қонақ етіп, сүт сауып бердім, ет жегіздім. Енді мен де саған бір қонақ жөнелтіп жатырмын. Оны өзің жақсы күтіп алғын, — деп дұға қылдым.

Алла кешірімді және мейірімді.
18 ақпан 2019 ж. 3 121 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 132

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 129

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930