Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жақсылық қылсаң, өзіңе

Жақсылық қылсаң, өзіңе

Ертеде үстіндегі киімі өрім-өрім қайыршы ел ішін кезіп жүріп, үнемі: «Жақсылық қылсаң, өзіңе, жамандық қылсаң, өзіңе», – деген сөзді ылғи да қайталай беретін көрінеді. Бұл ауылда көрінгенмен ұрыса кетуге дайын долы әйел тұрады екен. Сол жаңағы қайыршыға таба нанға у қосып береді де: «Жақсылық болса да, жамандық болса да көріп алдым, мә сөзің де, өзің де құры, енді мұнда жолама», – деп жекіреді. Қайыршы әйел берген нанды алып, жөніне кетеді.

Ауылдан шыға бере, ол алыс жолдан арып-ашып келе жатқан керуенге кездеседі. Солардың арасынан шаршаңқы егде кісі мен жас жігіт қайыршыдан нан сұрайды. Ақкөңіл қайыршы әйел берген нанды қолдарына ұстата салады. Аздан соң нанды жеген қос жолаушы уланып жан тапсырады. Керуендегі жұрт дүрлігіп жиналып қалады да, біреуден-біреу сұрап, бұл әлгі қайыршының ісі екенін біледі.
Керуенбасы дереу қайыршыны ұстауға әмір береді. Қуғыншылар оны жетектеп әкеледі. Керуенбасы: «Сен біздің серіктерімізді өлтірдің, жазасын тартасың» деп ақырады. Қайыршы нанды әйелден алғанын айтып ақталады.
Бір топ адам іздеп тауып, долы әйелді де жеткізеді. Өлген жолау­шыларды көрген әйел: «Мен не істедім, қара басқыр, басым», – деп шашын жұлып, бетін тырнап, еңіреп жылай бастайды. Сөйтсе, әлгі әкелі-балалы екеуі бұдан көп уақыт бұрын сапарға кеткен күйеуі мен ұлы екен. Енді ғана елі мен жеріне жете бергенде өзінің ең жақын адамының қолынан ажал құшыпты. Қайыршының айтқан сөзінің ақиқатына көзі жеткен адуын әйел зар еңіреп қала беріпті...
Бұрынғы көне көздердің «Жақсылық қылсаң да, жамандық қылсаң да өзіңе қайтады» деген мағынасы терең тәмсілі осындайдан қалса керек.
Айбол БИТУҒАНОВ
02 ақпан 2019 ж. 3 700 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 114

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031