Қазақстанда банкроттық ережелері өзгереді
Фото:depositphotos.com
Мәжіліс банкроттық және оңалту туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Құжатта жалған банкроттық деректерін азайту және барлық қатысушы үшін процедураларды түсінікті ету мақсатында ережелерді қатаңдату ұсынылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі - негізсіз оңалту процедураларымен күрес. Егер борышкердің жалғыз кредиторы салық органы болса, мұндай процедураны бастауға тыйым салынады.
Анықтама: Басқаша айтқанда, компания тек салық органдары алдындағы берешегін реттеу үшін оңалту процедурасын бастай алмайды. Ол үшін борышкердің өзге де кредиторлары болуы тиіс.
Өзгерістер борышкерлердің мүлкін сату мәселесіне де қатысты. Заң жобасында активтерді өткізу кезінде кредиторлардың шешім қабылдау тәртібі айқындалған.
Сондай-ақ банкроттық туралы өтінішті бірнеше рет беру мүмкіндігін шектеу ұсынылады. Сотқа қайта жүгіну белгіленген мерзімдер өткеннен кейін ғана мүмкін болады, егер:
- бұған дейін сот банкроттықты танудан бас тартса;
- процедура аяқталған болса;
- борышкер кредиторлармен мәселені реттесе.
Тағы бір жаңалық - цифрлық қызметтерді кеңейту. Кредиторларды жиналыстар мен отырыстар туралы электронды байланыс арналары арқылы жедел ақпараттандыру жоспарланған.
Түзетулер банкроттық процедураларының әкімшілеріне де қатысты болады. Оларға қойылатын талаптар нақтыланып, өкілеттіктер аясы кеңейтіледі және дәлелді себептермен міндеттерін мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігі қарастырылады.
Қазіргі уақытта құжат Сенаттың қарауына жіберілді.











