Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Анам өтірікші екен...

Анам өтірікші екен...

Сегіз жасар баланың анасы қайтыс болады. Әкесі жыл уағы өтер-өтпестен, қайта үйленді. Бір күні әкесі қызынан: «Балам, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен?» деп сұрайды. Қыз: «Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен» деп жауап береді. Әкесі қайран қалып: «Қалайша?» деп сұрайды. Сонда қыз: — Бұрын мен анамды ренжітсем, анам маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін. Мен сонда да оны ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал, қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сөзінде тұрды. Екі күн бойы аш отырмын. Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға шығарып жіберемін» дейтін, бірақ сонда да жылай беретінмін, ал ол болса мені ұрмай-соқпай бауырына басып: «Балам, жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп уатып алатын. Қазіргі анам «жылама, жыласаң ұрам» дейді. Айтқанында тұрады, ұрады. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін де: «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Балам, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін. Қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем, «Көп сөйлемей, тамағыңды іш, барлық адам етті жақсы көреді, еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді, – деп жауап қатады.
— Әке, әсілі бұрынғы анам бәрін өтірік айтқан екен, ол да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә?…
Әке, неге жылап отырсыз?…
qasym.kz
Massaget.kz
19 маусым 2018 ж. 2 772 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930