Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Балалар Еуровидениесі байқауының жеңімпазы белгілі болды

Балалар Еуровидениесі байқауының жеңімпазы белгілі болды

 Минск Аренада өтіп жатқан «Балалар Еуровидениесі - 2018» байқауының қорытындысы шықты.

Биылғы байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысқан болатын. Бұл конкурста Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр. Сайтта берілген дауыстардың барлығы ескеріліп, олар ұпай ретінде есептелді. Көрерменнің онлайн дауыс беруі барысында жиналған ұпайлар - қатысушыға берілген бағаның жартысы ғана, одан бөлек әр елден келген әділқазы алқасы (алқа құрамында 3 ересек, 2 бала болады) да ұпай беріп, конкурсанттың өнерін бағалайды.

Финалда әр елдің өкілдері әділқазы алқасы мүшелерінің қалай дауыс бергенін жариялап отырды. Айталық, Қазақстан өзінің 12 ұпайын (максималды дауыс саны) «Doma» әнін нақышына келтіріп орындаған македониялық үміткер Мария Спасовскаяға берді. Әділқазылар берген 68 ұпаймен қазақстандық Данэлия Төлешова 8-орында болды.

Телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлия 103 ұпай жинады. Бұл көрерменнің дауыс беру көрсеткішінде 3-орынды білдіреді. Дауыс саны мен әділқазы алқасы берген ұпай саны бойынша қазақстандық қатысушы 171 ұпаймен 6-орынға тұрақтады.
Балалар Еуровидениесі байқауында бас жүлдені 215 ұпай жинаған польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Оның ішінде 136 ұпай - көрермендер берген дауыс санының үлесі.

Біз мұның алдында жеребе бойынша қазақстандық үміткер Данэлия Төлешова үшінші болып өнер көрсететінін жазған едік. Ал оның қалай ән шырқағанын мына жерден оқуға болады.

26 қараша 2018 ж. 1 285 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930