Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Бала дауысы» байқауы басталды

«Бала дауысы» байқауы басталды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымы 15 наурызда өз бастауын алды. Еліміздегі ең ауқымды байқау ҚР Президенті – Елбасының қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.
Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және қолдау көрсету, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтеді.
15 наурыздан 15 сәуірге дейін еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды барынша қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу өтеді. Байқауға 8 жастан 12 жасқа дейінгі әрбір бала дайындық деңгейіне қарамастан қатыса алады. 18 ең үздік бала дауысы ғана байқаудың суперфиналына жолдама алады.
26 мамырда Астана қаласында «Бала дауысы Астана жүрегінде» атты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеші өтеді.
Күз айында еліміздің үздік 18 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек» Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.
27 қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК телеарнасынан бүкіл ел өз сүйікті қатысушысына дауыс беріп қолдай алады.
8 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында супер-финал өтеді. Көрермен финалистердің қатысуымен өтетін қайталанбас шоудың куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермен бағалайды.
Барлық финалист арнайы сыйлықпен марапатталып, ал ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.
Толық ақпарат www.baladauysy.kz сайтында.
17 наурыз 2018 ж. 1 944 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930