Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақ алғысты болу

Ақ алғысты болу

Келін түсіп бір тілегіне жеткен тілеуқор ана уақыт өткен сайын келіннің бойындағы, жүріс-тұрыс, әдетіндегі кіш­кентай өзгерістің өзін қалт жібермей, оның себебін турасынан сұрамай, қамқорлығын жасай жүріп, бақылауға алады. Тек ене ғана емес, абысын-ажындары, ауылдағы жанашыр аналар жақсылықтың нышаны қашан байқалар екен деп қадағалап күте бас­тайды.
Күндердің күні келіннің асқа тәбеті соқпай, қалтарысқа барып, лоқсып жүргенін көрген әйелдердің бірі оның енесіне келіп: «Келініңіздің құшағы аққа жарыпты», – деп немесе: «Келініңіз ақ алғысты болыпты», – деп келіннің талғағанын әдемілеп, астарлап жеткізеді. Қуанышты хабарды алғаш айтқан адамға жөн білетін ене көңіл ризашылығын білдіріп, «құлақсүйіншісін» береді. Жайды ұғар жақсы ене күтіп жүрген жүрек­жарды хабарды естіген соң ебін тауып, сәтін келтіріп, оның анық-қанығына толық сенімді болғанда бір шаршы ақ орамалды қара шаңырақ аталатын сол әулеттің үлкен үйінің оң босағасына байлайды. Бұл тұңғыш перзенті бойына біткен келінді ата-баба рухы қолдап-қоршап жүрсін деген ізгі ниеттен туған ырым. Әрі келіннің «ақ алғысты» болғанын басқаларға да жеткізіп, жақсылықты жариялау. Сол ақ орамал белгісінен бастап ауылдың үлкен-кішісі келінге болашақ ана ретінде құрметпен қарап, көңіл демеуін, қол көмегін көрсетуді өздеріне парыз санаған.
Зейнеп Ахметованың
«Күретамыр» кітабынан.
13 қараша 2018 ж. 2 559 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 150

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 121

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930