Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар Қызылордада Хан-шатырға ұқсас ғимарат орнын тапты

Ғалымдар Қызылордада Хан-шатырға ұқсас ғимарат орнын тапты

Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылынан 2 шақырым жерде көне шаһар табылды.


Сегіз бұрышты, тастармен көркемделген ғимаратта 4 гүлзар тұғыры бар. Бұл шаһар жайында итальян саяхатшысы Джованни Плано 1242 жылы жазған.
«Қышқала дегенімізбен, қаланың тарихи аты ұмыт қалған. Біздің жобамызбен шаһар ХІІІ ғасырдың орта тұсында өмір сүрген. Көненің көзіндей қастерлі мекен 50 гектардай аумақты алып жатыр. Қала үйлерінің жалпы биіктігі 1-1,5 метрді шамалайды. Олардың күйдірілген қыштан соғылғаны көрініп тұр. Алайда өткен ғасырдың 50-жылдарында қыштан жасалған ғимараттардың басым бөлігі бұзылып кеткен. Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан», – деді экспедиция жетекшісі Мадияр Елеуов.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде ежелде ірі сауда, қолөнер орталығы болған болуы мүмкін. Өйткені, орыннан қыш ыдыстары табылды. Тарихқа зер салсақ, ХІІІ ғасырда Алтын Ордада сауда өркен жайғаны белгілі.
«Біздің болжауымызша, қала мәдениеті қалыптасқан. Сәулеті жағынан да ерекшеленіп тұр. Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен қалалардың орталығы болған деген негіз бар. Біз қалашықтың шетінде орналасқан кесененің орнын аршып алдық. Қасбеті қима өрнекпен әрленген екен. Оның биіктігі 3 метрге жуықтайды. Оның мүжілуіне табиғи жағдайлар да әсер етуі әбден мүмкін. Атап айтқанда, желдің, дауылдың, жаңбырдың әсері тиюі ғажап емес. Осындай жағдайлардың әсерінен батысқа қарай құлағаны аңғарылады. Қыш материалдардың негізінде жасалған зерттеу қала тіршілігінің хронологиялық шеңберін ХІІІ-ХV ғасырларға жатқызуға мүмкіндік береді», – деді зерттеуші Дөкей Талеев.

Табылған орында зергерлік шеберхана болған деген болжам бар. Оған нақты айғақтар да бар.
Шаһар Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылының маңынан табылды.
22 маусым 2018 ж. 2 082 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930