Есірткісіз өмір ғажайып!
Бүгінгі күні адамзат арасында осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Ал мен үшін адам өмірі –ең басты құндылықһ. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Мен де қаншама адамның көз жасына айналған бұл көкнәрға қатысты тұлғалардың жазасы қатаң болуы керек деп ойлаймын. Бұл тұрғыда біздің құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегі орасан зор.
Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізіліп жатқан шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық.Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүниежүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе, жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады.Осының салдарынан санасы уланып, болашағына балта шабылатындары қаншама? Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Өмір деген қызық. Біреуді құлатады, біреуді жұбатады. Біреуге сын айтады, біреуге сыр айтады. Біреуді баптайды, біреуді даттайды. Ал, мына көкнәрдің арбауына шырмалғандар өмір атты көпірден өз-өзін құлатқандар деп ойлаймын. Өмір сүре білген адамға өмір қымбат екені бесенеден белгілі. Сол, қолда бардың қадірін білмейтіндер, біле тұра өз өмірлерін адам төзгісіз етуге бар. Мен ешкімді кінәламаймын. Тек бәріміз бірге сол өмірді бағаламайтындарға қолдау көрсетсек екен деймін. Мен –өмірді қалаймын. Сенің де өмірді қалауыңа көмек қолын созамын...
Шора ТОҒЖАН
Қызылорда облысы,Қазалы қаласы
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің
10 "а" сынып оқушысы