Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Абайды қазақ баласы білуі керек

Абайды қазақ баласы білуі керек

Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олар сөзінен үздік, артық.
Абай сөздері дүниада қалғаны – қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер.
Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайылыққа кемшілігі болар» деп таяқтан тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған.
Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз.
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған.
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
1913 жыл.
24 тамыз 2020 ж. 1 225 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031