Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрі жекеменшік мектептердің қаржыландыру тәртібін түсіндірді

Оқу-ағарту министрі жекеменшік мектептердің қаржыландыру тәртібін түсіндірді

Жекеменшік мектептерге қаржы бөлу құзыреті әкімдіктерге беріледі
Оқу-ағарту министрі жекеменшік мектептердің қаржыландыру тәртібін түсіндірді
Фото: Freepik
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесінде өзгеріс болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жекеменшік мектептерге 2025 жылға дейін республикалық бюджеттен қаржы берілді. Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, әр оқушыға бөлінетін қаражат жергілікті биліктің құзырына өтеді. Сондықтан екі жақтан қаржыландыру болмас үшін, 2025 жылдан бастап жекеменшік мектептерді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуы тиіс деген шешім қабылданған еді», - деді министр.
Министрдің сөзінше, маусым айында Қаржы орталығы жекеменшік мектептерден өтінім қабылдау жүйесін іске қосуы тиіс болған. Бұл өтінім арқылы лицензиясы бар және оқу процесін жүргізіп отырған мектептер құжаттарын тапсыруы керек еді. Өтінімдер 60 күн ішінде қаралуы жоспарланған, бірақ жүйе маусым айында ашылмаған.
«Сол себепті жаңа оқу жылы басталған кезде көптеген жекеменшік мектептер өздеріне тиесілі қаржыны ала алмады. Мен қызметке келгеннен кейін, 29 қыркүйекте бірқатар мектеп өкілдерімен кездесіп, бұл мәселені Премьер-Министр деңгейінде көтердік», - деді Сүлейменова.
Оның мәліметінше, былтыр мемлекеттік тапсырыс арқылы 745 жекеменшік мектеп қаржыландырылса, биыл олардың саны 917-ге жеткен. Яғни, 149 жаңа мектеп қосылған.
«Біз барлық қаржыны егжей-тегжейлі есептедік. Қай мектеп жергілікті атқарушы органдардан, қайсысы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатыны нақтыланды. Қазір пилоттық жоба бойынша бұйрық дайындалды. Ол бекітілгеннен кейін алдағы күндері қаражат аударылады», – деді министр.
Сүлейменованың айтуынша, пилоттық жоба аясында әкімдіктердің де жауапкершілігі артады.
«Министрлік бұйрыққа қол қойғаннан кейін жергілікті органдар төлем жасауды кешіктірмеуі керек. Сол үшін әкімдіктер де құжатқа қол қойып, өз міндеттемесін ресми түрде бекітеді. Мемлекеттің барлық міндеттемелері толық орындалады», - деп түйіндеді министр.



22 қазан 2025 ж. 250 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031