Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түймедақ ауырсынуды басатын дәрілерді алмастыра алады

Түймедақ ауырсынуды басатын дәрілерді алмастыра алады

Фото: ©Pixabay.com
Түймедақтың қабынуға және микробқа қарсы қасиеттері ауырсынуды басатын препараттармен шамалас, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АҚШ пен Жапония ғалымдары осындай қорытындыға келген. Олардың кең көлемді метаанализі Pharmaceutical Biology журналында жарияланған.
Зерттеушілер 11 рандомизацияланған клиникалық зерттеудің деректерін талдаған. Бұл зерттеулерде түймедақ негізіндегі препараттар ауыз қуысы мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттарының қабынуын, инфекцияларын емдеуге қолданылған. Түймедақ экстракты ауырсынуды, ісікті және қабынудың деңгейін айтарлықтай азайтып, тіндердің қалпына келуін тездеткен. Оның әсері статистикалық тұрғыдан маңызды болып, қабынуға қарсы стероидті емес препараттармен салыстырғанда да тиімді болған, есесіне олардың жанама әсері жоқ екен.
Ең тиімді нәтиже түймедақ мукозитті емдегенде байқалған – бұл шырышты қабаттың қабынуы, көбіне химиотерапия немесе сәулелік терапиядан кейін пайда болады. Ғалымдар өсімдіктің емдік қасиеттерін құрамындағы белсенді заттармен байланыстырады – әсіресе бисаболол мен апигенин, олар қабынуға шақыратын цитокиндердің бөлінуін тежеп, тіндердің қалпына келуін ынталандырады.
Зерттеушілердің пікірінше, түймедақ созылмалы қабынуларды емдеуде қауіпсіз және қолжетімді альтернатива бола алады, сондай-ақ профилактикалық және косметикалық құралдарда қолдануға жарайды.
22 қазан 2025 ж. 181 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031