Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Батыр баба ерлігі ұлықталды

Батыр баба ерлігі ұлықталды

Аудандық орталық кітапхана мен Жанқожа батыр ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен дархан даланың дара перзенті, халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 245 жылдығына орай «Сенсің бабам өнегесі ерліктің, Ақ бастауы азаттықтың, елдіктің» атты тарихи-танымдық конференция өткізілді.

Батыр баба рухын ұлықтауға арналған шараны ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Шарафадин Алтынбай ашып, ел тәуелсіздігі жолындағы халық батыры, даңқты күрескер Жанқожа батырдың жанқиярлық ерлігі жайында баяндады.
Жанқожа батырдың ұрпағы, ҚР Медицина саласының үздігі, Нұрсұлтан Мұратбаев қазақтың ұлт-азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі де бірегейі – Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 1774 жылы Қазалы ауданының Арықбалық ауылдық округінде дүниеге келгендігін, атасы Киікбай әрі батыр, әрі шешен адам болғандығын, Әбілқайыр ханның оң қанат әскерін басқарғандығына тоқталып, тың деректерді алға тартты. ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, тарихшы-зерттеуші Қадірбек Бекетов бүгінгі жас ұрпақты асыл бабаның ерлігін ұмытпауға әрі ұлықтауға шақырды. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл баба жайындағы дастандар туралы әңгіме өрбітті.
Батырдың ерен ерлігі мен, өшпес өнегесін арқау еткен ақындардың жырларын Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектептің жас өрендері де асқан шабытпен жатқа айтты. Жыршы-термешілер де жырдан шашу шашты.
«Ұрпаққа ұран болған – Жанқожа баба» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жанқожа бабаға – 245 жыл» атты кітаптардың инсталляциясы көпшілік назарына ұсынылды.
З. МҰСТАФАЕВА,
аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
26 қазан 2019 ж. 1 727 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 281

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930