Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бюджет игерілуі мәселелері қаралды

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бюджет игерілуі мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін аудан әкімі аймақ басшысының берген тапсырмалары мен негізгі көрсеткіштердің орындалуына қатысты арнайы жиын өткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында ауданның 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің игерілуі, салық базасын ұлғайту және жергілікті бюджет кірістерінің жоспарын орындау мәселелері қаралды.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 23,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,4 пайызға жеткен. Өңдеу өнеркәсібі 127 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 19,3 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестиция 25,8 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 183,2 пайызды құрады.
Аудан әкімі оң динамиканы сақтай отырып, экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, кәсіпкерлікті дамыту және өндіріс көлемін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар құрылыс нысандарының сапасы мен мерзімінде пайдалануға берілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аудан басшысы бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жыл соңына дейін қаражаттың 100 пайыз игерілуін қамтамасыз етуді және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.
Сондай-ақ ауданның кірістер жоспарын толық орындау, салық базасын кеңейту және төртінші деңгейлі бюджет түсімдерін арттыру мәселелері талқыланды. Осы ретте Әйтеке би кентінің, Қазалы қаласының және ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, салық түсімдерін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.
Бұдан бөлек, «Туған жерге тағзым» акциясына кәсіпкерлерді белсенді тарту, жергілікті бюджетке қосымша түсім көздерін қалыптастыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, әрбір көрсеткіш бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, туындаған мәселелерді жедел шешуді қатаң тапсырды.
29 қазан 2026 ж. 53 0

Шалғайдағы шағын ауыл

29 қазан 2026 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031