Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аға басылым тілшілерімен кездесті

Аға басылым тілшілерімен кездесті

Аудандық орталық кітапхананың «Coworking» орталығында облыстық Сыр бойы газетінің 90 жылдығы мен «Қазалы» газетінің 10 жылдығына орай «Сырдың сырлы шежіресі» атты журналистерімен кездесу кеші өткізілді.

Шараға облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабадинов, бөлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақалов, газет тілшілері Айдана Жұмадинова, Ержан Қожас, «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Казбек Ботаев, «Сыр бойы» облыстық газетінің Арал, Қазалы аудандарының аймақтық тілшісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алтын қалам» иегері Жұмабек Табынбаев, «Қазалы» газетінің бас редакторының орынбасары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сахи Қапар, бөлім меңгерушісі Ұлбосын Талапбаева, ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаздар Айжаһан Ысқақова, Қадірбек Бекетов, ардагер ұстаз, кітапхананың тұрақты оқырмандары Өмірбек Күлімбетов, Махамбет Жеткербай, ардагер теміржолшы, кітапхана оқырманы Әбубәкір Мұңсызбай, қаржы саласының зейнеткері, «Қазалы» газетінің қоғамдық негіздегі тілшісі Кемал Көпжасар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің үздігі Шарафадин Алтынбай, Зағиптар қоғамының төрағасы Әлімжан Қияс, ауылшаруашылығы саласының ардагері, зейнеткер Мұқарап Табынбаев қатысып, пікірлерін ортаға салды. Шара барысында журналистика саласында еселі еңбегімен танылған тілшілер тобының лебіздері, өздері туралы жақсы әңгімелері айтылды.

Басқосуға келген қаламгерлер қауымы өрелі әңгіме өрбітіп, келелі сөз қозғады.


Кітапхана оқырманы, жас ақын Әлихан Махашов өз туындысын оқыды.

Бұл күні орындалған тағылымды термелер мен әсерлі әндер шара мазмұнын одан әрі арттыра түсті.
Нұргүл ӘЖІҒҰЛОВА,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы
05 қазан 2019 ж. 1 896 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930