Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік әділдік – нақты қадам бастауы

Әлеуметтік әділдік – нақты қадам бастауы

Фото: Жасанды интеллект
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Биылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қазақстандықтар ерекше ықыласпен күтті. Президенттің ел азаматтары мен Парламентке арналған ең маңызды стратегиялық құжаты еліміздің белгілі бір мақсаттар мен міндеттерін межелеп, стратегиялық бағыт айқындау, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын көрсетіп, болашаққа бағдар жасауы дәстүрге айналған.
Кезекті елге арналған үндеуде қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, қаржылық немесе саяси түйінді мәселелер ашық талқыланып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және өмір сапасын көтеру жоспарлары жеткізілді.
Мемлекеттік органдар мен атқарушы биліктің жұмысын сынға алып, атқарылатын жұмыстардың формальді емес, нақты нәтижеге бағытталуын талап етілді.
Күн тәртібінде тұрған мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және Салық кодексін қайта қарау мәселелері жайында көтерілген бастамалар елдің экономикалық тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін өзекті түйіндерді тарқатты.
Соңғы уақытта көтеріліп жүрген ел алдындағы ең басты міндеттердің бірі – мемлекеттік көмектің шын мұқтаж жандарға ғана бағытталуын қамтамасыз ету. Президент бұл мәселеге қатаң тоқталып: «Қайталап айтамын: мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы», – деп қадап айтты.
Мінберде: «Бюджет қаражаты есебінен адамдарға жалған жақсылық жасау – нағыз популизм», – деп әлеуметтік саясатты жүргізуде бюджет қаражаты есебінен орынсыз уәде беріп, халыққа ұнау үшін жасалатын қадамдарды сыналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай шешімдердің қаржылық салдары мен ұзақ мерзімді тұрақтылығы ескерілуі тиістігін ескертті. Реформаларды асығыс жүргізбей, «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай», байыппен іске асыру маңыздылығын жеткізді. Әсіресе табысы төмен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтардың мүддесін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерге тәуелді топтардың жағдайын күрт қиындатпай, кезең-кезеңімен шешу қажеттігіне тоқталды.
Халық сауылғы – мемлекет байлығы.
Медициналық инфрақұрылымдағы оң өзгерістер мен алға қойған міндеттер де назардан тыс қалмады. Ана мен бала денсаулығы – басты назарда.
Халық санының өсуіне байланысты денсаулық сақтау инфрақұрылымын кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Осыған мақсатта республикада сегіз заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланған. Сонымен қатар жеті көпбейінді балалар ауруханасы бой көтеріп, Астанада тағы екі медициналық нысан салынбақ. Бұл бастамалар өңірлердегі қажеттілікті өтеп, ана мен бала денсаулығын қорғауға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға жол ашады.
Жаңа Салық кодексінің кейбір нормалары бизнеске қиындық туғызып отырғаны да сыналды. Президент бұл туралы пікірінде: «Салық кодексі – догма да, қасиетті жазба емес, ол шынайы өмірден алшақ болмауға тиіс», – деді.
Салық заңнамасындағы қайшылықтарды жою, екіұшты түсіндірулерге жол бермеу, кәсіпкерлерге түсетін артық салықтық жүктемені азайту тапсырмасын берді. Бизнестің дамуына, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кедергі келтірмеу үшін ережелерді тұрақтандырып, кәсіпкерлердің пікірін мұқият ескеру маңызды.
Жолдауда мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты сыни пікірлер де ашық айтылды. Президенттің: «Мойындау керек, әзірге бізде істен гөрі сөз көп», – деген сөзі атқарушы биліктің жұмысында формализм мен құрғақ уәденің әлі де бар екенін көрсетеді.
Жолдаудағы негізгі бағыт – жалған ұран мен дабыралы мәлімдемелерден нақты іске көшу. Әлеуметтік саясатта да, салық жүйесінде ҳам асығыс шешімнен гөрі сараптама мен есеп маңызды. Себебі мемлекет халыққа әлеуметтік қолдау көрсетерде қаржылық тұрақтылықты қалай сақтайды және кәсіпкерлерге түсетін жүктеме мен бюджет кірісі арасындағы тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Бұл сұрақтардың жауабы алдағы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінен көрінуі тиіс. Әлеуметтік әділдік – нақты қадам бастауы. Халықтың көкейге түйгені осы болды. Мұндайда «Бос сөз – босағада, біткен іс – төрде» деген халық даналығы ойға оралады.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
28 қазан 2026 ж. 60 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031