Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұялы телефонның қоңырауына Құранды қою қаншалықты дұрыс?

Ұялы телефонның қоңырауына Құранды қою қаншалықты дұрыс?

Қазіргі таңда көпшіліктің қоңырау үніне Құран аяттарын немесе оятқышқа азан даусын қойып жүргені белгілі. Осы тұста, Алланың кәламын ойыншыққа айналдырмас үшін және Оның рәміздерін құрметтеу мақсатында бұл істен алшақ болуды ескертеміз, – деп жазады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты.
Өйткені Алла Тағала Құранды бекершілікке, ұялы телефондарға қоңырау үні етіп қоюға емес, аяттарына пікір жүгірту және ондағы үкімдерге амал етуіміз үшін түсірді.
Алла Тағала Құранда: «Бұл – мүбәрак Кітап [Құран], оны саған (уа, Мұхаммед) аяттарын (адамдар) зерделеуі үшін һәм ақыл иелері үгіт алулары үшін түсірдік», – дейді.
Мысыр елінің бұрыңғы мүфтиі доктор Әли Жұма, Ислам зерттеулер академиясының бұрынғы мүшесі Махмуд Ашур және одан да басқа ғалымдар Құран аяттарын қоңырау үніне қолдану харам деген пәтуа берген. Оның себебін былай түсіндірді:
1) Құран аяттарын қоңырау үніне қою оны аяқ-асты етуге алып барады. Өйткені дәретханада немесе басқа да лас жерлерде қоңырау шалып қалуы ыхтималы болғандықтан ол іске жол берілмейді.
2) Бұл іс Құранды құрметтеуге, ұлықтауға жатпайды. Алла Тағала Құранда: «Міне, солай! Ал кім Алланың (бекіткен) рәміздерін ұлықтаса, күдіксіз, ол жүректердің тақуалығынан»,-дейді.
Кейбір адамдар қоңырау үніне музыка қойғаннан Құранды қойған абзалырақ деген уәж айтуы мүмкін. Алайда музыканың орнына Құран қойғаннан жай ғана әуен қойса жетерлік. Бастысы оған қоңырау шалып жатқанын білсе болды емес пе? Ал азанды оятқыш үніне қоюға келсек, оған рұқсат етіледі. Бірақ мына шарттар ескерілуі қажет:
1) Оятқыштағы азанды сөйлемнің соңына дейін тыңдау. Өйткені сөздің соңына дейін жеткізбей, ортасынан өшірсе мағынасы толық болмай қалады. Мысалы: «Әшһәду әлла иләһә илләллоһ, Әшһәду әннә Мухаммадан» деп «Расулаллаһ» сөзі айтылмай сөндіруге немесе «Әшһәду әллә иләһә» деген уақытта өшіруге болмайды. Өйткені ол «Алла жоқ» деп куәлік берген болады.
2) Дәретханада қосылып кетпеуін қадағалауы тиіс. Себебі ол Алланы еске алатын орын емес.
Дегенмен, аталмыш шарттарды орындағанның өзінде оятқышқа азан даусын қолданбауға кеңес береміз. Сондықтан Құранды қоңырау үні, азанды оятқыш ретінде пайдалануға болмайды. Бұл шариғат рәміздеріне деген құрметсіздік және тақуалыққа жат әрекет болып табылады.
04 ақпан 2018 ж. 2 719 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 47

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 132

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031