Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Би нұры» фестивалі өтті

«Би нұры» фестивалі өтті

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен алғашқы рет Достық үйінде «Би нұры» фестивалі өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің, орта білім беру ұйымдарының хореграфиялық ұжымдары, қалалық балалар және жасөспірімдер би ансамблдері, жалпы барлығы 16 топ қатысты.
Фестивалдің мақсаты жастардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, хореография өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы – Қазақстан халқының достық пен бірлігін дәріптеу. Би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Халық биі және таңдау бойынша еркін тақырыптағы би қойылымы. Оған 9-13 жас және 14-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Қазылар алқасы би ұжымдарын орындаушылық шеберліктері, шығармаларының композициялық құрылымы мен сахналық қимылы, киім үлгісі бойынша бағалады.
Нәтижесінде 9-13 жас аралығындағы балалар арасында бас жүлдені «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі, бірінші орынды «Жасмин» татар этномәдени бірлестігі, №140 орта мектептің «Ай-ару» би тобы және «Керемет» балалар театры жеңіп алды.
Ал, 14-18 жас аралығындағы балалар арасында бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған «Самға» би тобы, бірінші орынды «Реверанс» жеке би тобы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр-би» би тобы қанжығасына байлады. Сонымен бірге, екінші және үшінші орын иегерлері де болды.
Жеңімпаздар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясы баспасөз қызметі
syrboyi.kz​​​
14 қаңтар 2018 ж. 1 752 0

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 40

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 43

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 46

Арман неге адасты?

16 қаңтар 2025 ж. 52

Болашаққа қадам

16 қаңтар 2025 ж. 55

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 104

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 62

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 78

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 59

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 81

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031