Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлерге ең жоғары жалақы қайда төленетіні белгілі болды

Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлерге ең жоғары жалақы қайда төленетіні белгілі болды

қария
Фото: Pexels

Қазақстанда 65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік мекемелерге қарағанда жеке компанияларда көбірек жалақы алады. Ал ең жоғары табыс шетелдік кәсіпорындарда тіркелген. Мұндай ұйымдарда жұмыс істейтін зейнеткерлердің орташа айлығы 477 мың теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін 65 жастан асқан азаматтардың орташа айлығы – 313 274 теңге.
Қазақстандық жеке компанияларда бұл көрсеткіш 364 105 теңгені құраған. Ал шетелдік компанияларда жұмыс істейтін зейнеткерлер айына орта есеппен 477 281 теңге алады.
Осылайша, шетелдік компаниялардағы орташа жалақы мемлекеттік кәсіпорындардағы көрсеткіштен шамамен 52 пайызға жоғары.

Қай өңірде зейнеткерлер көп жалақы алады?

Жалақы мөлшері кәсіпорынның меншік түріне ғана емес, орналасқан өңіріне де байланысты.
зейнеткер
Фото: Ұлттық статистика бюросы
Мәселен, Алматы облысында мемлекеттік кәсіпорындар 65 жастан асқан қызметкерлерге орта есеппен 311 440 теңге төлейді. Қазақстандық жеке компанияларда бұл көрсеткіш 300 219 теңге болса, шетелдік ұйымдарда 254 916 теңгені құраған.
Шымкентте де жағдай өзгеше. Мұнда ең жоғары орташа жалақы жеке компанияларда тіркелген – 324 145 теңге. Мемлекеттік кәсіпорындарда 157 268 теңге, ал шетелдік компанияларда небәрі 100 мың теңге.
Дегенмен елдің 20 өңірінің 17-сінде шетелдік компаниялардағы орташа жалақы мемлекеттік және отандық жеке кәсіпорындардағы көрсеткіштен жоғары.
Мәселен, Ұлытау облысында шетелдік компанияларда жұмыс істейтін зейнеткерлер айына орта есеппен 977 890 теңге алады. Қазақстандық жеке кәсіпорындарда бұл көрсеткіш 606 179 теңге болса, мемлекеттік мекемелерде 220 228 теңгемен шектелген.

Қай салада зейнеткерлер миллион теңгеден көп табады?

Экономика салалары арасында ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелген.
Бұл саладағы шетелдік компанияларда 65 жастан асқан қызметкерлер орта есеппен 1 489 129 теңге алады. Қазақстандық жеке ұйымдарда орташа жалақы 958 879 теңге болса, мемлекеттік кәсіпорындарда 563 мың теңгені құраған.
Ал ең төменгі жалақы мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тіркелген. Мұнда 65 жастан асқан қызметкерлер орта есеппен 184 070 теңге алады.
Жеке және шетелдік компаниялардың әкімшілік әрі қосалқы қызмет көрсету салаларында да жалақы төмен. Оларда орташа айлық сәйкесінше 229 131 және 247 977 теңге болған.

Зейнеталды жастағы азаматтарға мемлекет қалай көмектеседі?

Жасы үлкен азаматтарға тұрақты жұмыс табу оңай емес. Осыған байланысты Қазақстанда “Күміс жас” бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мемлекет зейнеталды жастағы азаматтарды жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілерге субсидия береді. Бұл шара тәжірибелі қызметкерлерді жұмыспен қамтуға және олардың еңбек нарығында қалуына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшы зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па түсіндірген болатын.
30 қазан 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031