Жолдау – ел болашағына бастар жол
Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәжіліс залында «Жолдау – ел болашағына бастар жол» тақырыбында әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті.Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әлеуметтік сала қызметкерлерінің атқаратын рөлі мен жауапкершілігі атап өтілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесудің басты мақсаты – Жолдаудың маңыздылығын түсіндіру, ел болашағы жолындағы міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға үндеу және әлеуметтік саланың дамуына үлес қосу.
#ҚазалыАуданы #Жолдау2026 #ЖолдауЕлБолашағынаБастарЖол #ӘлеуметтікСала #ЕлДамуы #БірлікПенТұрақтылық #ЖаңаҚазақстан













