Қызылордада кәсіпкерлер күніне орай бизнес-қауымдастық өкілдері марапатталды
Қызылордада «Қазақстан кәсіпкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтық бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті.Негізгі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында пікір алмасып, жаңа мүмкіндіктерді талқылау.Облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы төрағалық еткен кездесуге Инвестициялық омбудсмен – Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев, Өңірлік кеңес төрағасы Мұрат Сәрсенбаев, сондай-ақ бизнес өкілдері мен салалық мемлекеттік мекемелер және қаржы институттары қатысты.
Кездесу соңы салтанатты шараға ұласып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып жүрген сала үздіктеріне ведомстволық және облыстық деңгейден құрмет көрсетілді.












