"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
Алматыда қазан айының соңғы күні мен қарашаның басында ауа райы жылы болады. Күндіз ауа температурасы +18°С-ге дейін көтеріледі, бірақ одан кейінгі күндері қалада жаңбыр жауып, күн суытады. "Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, апта барысында қаладағы ауа райы, негізінен, құрғақ әрі жылы болады. Бұл ретте күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
"Болжамды кезеңнің соңына қарай жаңбыр жауып, күн суытады. Қала тұрғындары мен қонақтарына күндізгі және түнгі температурада айырмашылық барын ескеруге кеңес береміз: таңертеңгі және кешкі серуенге жылы киініп шыққан абзал", деп атап өтті гидрометр орталығының өкілі.
Сондай-ақ синоптик 4 қарашаға дейін ауа райы қалада серуендеуге қолайлы болатынын жеткізді. Алайда тауға шығуды жоспарлаған кезде таулы аудандардың ауа райы болжамын жекелей нақтылап, сондай-ақ дауылды ескертулерді басшылыққа алу қажет: тау етегі мен биік таулы аймақтардағы ауа райы мен температура қаладағыдан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 31 қазан мен 6 қараша аралығындағы ауа райы болжамы:
- 31 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.
- 1 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.
- 2-3 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +14...+16°С.
- 4 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +16...+18°С.
- 5 қараша: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұстардағы екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +14...+16°С.
- 6 қараша: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +12...+14°С.












