Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кәсіпкерлерге бірыңғай салық мөлшерлемесін енгізу: Үкімет депутаттың ұсынысын қолдамады

Қазақстанда кәсіпкерлерге бірыңғай салық мөлшерлемесін енгізу: Үкімет депутаттың ұсынысын қолдамады

Пайыз
Фото: istockphoto.com

Қазақстан үкіметі жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне қатысты ел бойынша 2-3%-дық бірыңғай мөлшерлеме енгізу туралы депутаттың ұсынысын қолдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Құрылтай отырысында депутат Дәурен Ахметжаев Қазақстанның барлық өңірінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін 2-3%-дық бірыңғай салық мөлшерлемесін белгілеуді, сондай-ақ мәслихаттардың салық мөлшерлемесін көтеру немесе төмендету құқығын алып тастауды ұсынған еді.

Үкімет жауабы

Депутаттық сауалға жауап берген премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінде салық мөлшерлемесін кәсіпкерлік қызмет түрі мен салық салу нысаны орналасқан жерге қарай саралау тетігі қарастырылғанын айтты.
Жұманғариннің айтуынша, қолданыстағы тәртіп бойынша базалық мөлшерлеме – 4%. Ал жергілікті атқарушы органдарға оны 50%-дан асырмай өзгертуге, яғни 2-6% аралығында белгілеуге рұқсат берілген.
Министрдің мәліметінше, 2026 жылға арналған мәслихат шешімдері бұл тетіктің іс жүзінде қолданылып жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл және Орал қалаларында салық мөлшерлемесі 3% болып белгіленген. Ал Шымкент, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Түркістан, Өскемен, Семей және Қонаев қалаларында 2% мөлшерінде бекітілген.
Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі жүйе базалық мөлшерлемеден төмен салық белгілеуге мүмкіндік береді. Дегенмен ел бойынша бірыңғай 2-3%-дық мөлшерлеме енгізудің бизнес жүргізу жағдайына, жергілікті бюджет кірістеріне және қолданыстағы салық моделінің тиімділігіне әсерін қосымша бағалау қажет.

Салық айырмашылығы бизнестің басқа өңірге көшуіне әсер ете ме?

Сондай-ақ министр өңірлер арасындағы салық мөлшерлемесінің айырмашылығы шағын және орта бизнестің басқа аймақтарға жаппай көшуіне себеп болып отырған жоқ деп есептейді.
Оның сөзінше, салық мөлшерлемесі 3% болып бекітілген Астанада және 2% белгіленген Қарағанды облысында бизнесті жаппай қайта тіркеу белгілері байқалмайды. Мұны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 910.00 нысаны бойынша мәліметтер де растайды.
Аталған кезеңде салық төлеушілер мәлімдеген кіріс Астанада 23,2%-ға, Қарағанды облысында 23%-ға, Алматыда 18,3%-ға өскен. Осылайша, салық мөлшерлемесі жоғары өңірдегі кіріс өсімі төмен мөлшерлеме қолданылатын аймақпен шамалас болған.
Министр заңды мекенжайды формалды түрде өзгерту басқа өңірде нақты жүзеге асырылатын қызметке төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға негіз болмайтынын да атап өтті. Яғни салық мөлшерлемесі кәсіпорынның тіркелген мекенжайына ғана емес, қызметінің нақты жүзеге асырылатын орнына байланысты белгіленеді.
Серік Жұманғарин өңірлердегі салық мөлшерлемелері айырмашылығының әсерін толық бағалау үшін 2026 жылдың қорытындысы бойынша жаңа Салық кодексін қолдану нәтижелерін талдау қажет екенін жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында салық реформасының нәтижелері туралы айтып берген еді. 
30 қазан 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031