Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жерден шыққан жәдігер

Жерден шыққан жәдігер

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне қала тұрғыны Барахат Жапақұлы жер астынан табылған жәдігер – темірден құйылған күрек тапсырды. Бұл ХХ ғасырдың басында жасалған деген болжам бар. Ескі күректің ерекшелігі, оның еш жерінің бекітпелері жоқ. Ұсынықты ұста қолынан шыққаны көрініп тұр.


Көненің көзі, тарихтың тірі куәсіндей ескі ғимараттар Қазалы қаласында көп. Олардың қатарында қайта жөндеуден өткізілген республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш – Нұралы мешіті де бар. Бізге жеткен деректер бойынша имандылық үйін 1915 жылы саудагер Мүрәлiм Меркемалов қыш кiрпiштен салдырғандығы туралы жазылады. 1937 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеп, Кеңес үкіметі кезінде әскери казарма, сосын емхана орналасқан. Мешіттің намаз оқитын үлкен бөлмесі бірнеше бөлікке бөлініп, түрлі мекемелерге беріліп, клуб, емхана, спорт мектебі, дәріханаға да айналған. 1990 жылы жөндеу жұмысы жүргiзiлiп, 1991 жылы қайта мешiт болып ашылған. 2010-2012 жылдары Нұралы мешітіне қайта жаңғырту жүргізілген. 2016 жылдың 21 наурызында мешіттің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу рәсімі үстінде мешіт қызметкері Барахат Жапақұлы жүз жылдықтан жойылмай жеткен мұраны Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне өткізеді.


– Мешіттің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында 1 метрден төмен тереңдіктен осы күректі таптым, жер астында жатқанына ұзақ уақыт болған. Сыртын тот басып кеткен, мешіт құрылысы басталған мезгілдегі ұстаның пайдаланған құралы болса керек, – дейді молда Барахат Жапақұлы.

Ал, музейдің қор сақтаушысы Әлібек Сералының айтуынша, күрек бір ғасыр уақыт бұрын жасалған. Бұған дәлел ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, археолог, тарих ғылымдарының Рhd докторы Әзілхан Тәжекеевпен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «археология, этнология және музеология» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тәттігүл Қартаеваның зерттеп-зерделеу нәтижелерін алға тартты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
15 қаңтар 2019 ж. 1 527 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930