Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мысырда әл-Фараби орталығы ашылды

Мысырда әл-Фараби орталығы ашылды

Мысыр Араб Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығын ашты.

Ұлттық университеттен хабарплағандай, орталықтың ашылуы барысында «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинар өтті. Фарабитанушы ғалымдар, Каир университетінің философтары, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Мысырдағы ҚР Елшісі Арман Исағалиев Шығыстың ұлы ойшыл мұралары және өскелең ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіндегі оның идеясының өзектілігі жайлы баяндамалар жасады.

Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры әл-Фарабидің ізгілікті қоғам идеясына негізделген «Ізгілікті қоғам азаматын қалыптастыру. Заманауи университеттер миссиясы» халықаралық жобасының БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе жүзеге асуы жайлы айтты. Ол Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс Сұлтан мұраларын ғана емес, достас мемлекеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқаратынына сенім білдірді. Мысырдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осы жылдан бастап әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет Каир университетінде қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.

Сапар аясында қазақстандық делегация мен Бас имам әл-Азхар шейх Ахмад ат-Тайеб, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абдель-Гаффар, ЕАР Парламенті білім беру және ғылыми зерттеулер істері бойынша комитет төрағасы Сами Хашим, Каир университетінің ректоры Мохаммед Осман әл-Хошт және «Гомхурия» газетінің бас редакторы Абдель-Разек Тауфик араларында құрылымдық диалог өрбіді.
Кездесу барысында бірлесе мамандар даярлауда өзара әріптестікті нығайту, академиялық алмасу бағдарламасын, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын жүзеге асыру, оқытушылар біліктілігін арттыру, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жасау, фарабитану курстарын енгізу сұрақтары қарастырылды. Мысырдан ҚазҰУ филиалын ашу жайлы келісім іс-сапардың маңызды сәтіне айналды. Тараптар 2020 жылы ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге және дайындық жүргізуде бірлескен жұмыстар жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

ҚазҰУ делегациясы құрамындағы танымал кинорежиссер С. Әзімовтің түсіру тобы қазіргі уақытта түсіріліп жатқан әл-Фараби және Бейбарыс Сұлтан туралы көркем фильмдерге қажетті видеоматериалдар жинау үшін Мысырдағы тарихи-мәдени нысандарды (Бейбарыс Сұлтан мешіті мен кітапханасы және т.б.) аралады.
 


08 қаңтар 2019 ж. 1 031 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930