Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте «улы» балмұздақ сатқандар 2 жылға сотталулары мүмкін

Шымкентте «улы» балмұздақ сатқандар 2 жылға сотталулары мүмкін

Шымкентте «улы» балмұздақ сатушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі аталған іске байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, уланғандардың саны 41-ге жеткен. Басым бөлігі балалалар. Сондай-ақ балмұздақ сатқан дүңгіршек жабылды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, улы балмұздақ сатқандардың әрекеті дәлелденсе, заңды түрде шара көріледі. Нақтырақ айтқанда, екі жыл бас бостандығынан айыру немесе 2 000 АЕК негізінде айыппұл төлейтін болады.
«Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Әл-Фараби ПБ-нің СДТБТ-не «Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлермен оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді Әл-Фараби ПБ аға тергеушісі Ғалым Нұрпейісов.



02 сәуір 2018 ж. 3 159 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 61

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031