Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

Қазалыда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы және Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар болып өтті. Атап айтқанда Қазалы Қалалық балалар кітапханасы, Қалалық кітапханасымен Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасында қонақтар кәсіби-іс тәжірибе алмасты.
Биыл «Балалар жылы» аясында жасалған жұмыстарының қортындысы десекте болады. Шығыс шамшырағы Ғани Мұратбаев оқыған бір жарым ғасырлық тарихи ғимаратта бұл күнде Қазалы қалалық және қалалық балалар кітапханасы орналасқан. Бұл киелі орда оқырмандардың қазыналы мекені болып отыр. Бұл күн парасаттың мекені болған кітапхана мен рухани қазынаны дәріптеуші кітапханашылар үшін де, кітап сүйер оқырмандар үшін үлкен мереке болды. Осындай айтулы мереке Қазалы қалалық кітапханада бастау алып, өткен тарихқа көз жіберіп, Қазыналы Қазалының терең тарихымен қонақтарды кітапхана меңгерушісі Сейталиева Жанар танысытырды, кітапхана оқырмандарымен бірлесе жасалған «Ақсақ Темір кітапханасында» атты қойылымды тамашаласа, Жас Ғанидың өмір жолы туралы көріністің куәсі болып, кітапхананың құнды жәдігері «АЛТЫН ҚОР» кітапханасыда келген қонақтардың назарын өздеріне аудармай қоймады. Кезекте Қазалы қалалық балалар кітапханасындағы шаралар кітапхананың жас оқырмандары Жұмабек Сәния мен Қанибай Нұрдаулеттің сәлемдесуінен бастау алып, келген қонақтарға жырдан маржан шашылды. Асылжан мен Жасұлан Рамановтар «Райхон» өлеңімен көпті өзіне баураса, Сағымбай Жансая «Қызымен елдің» өлеңімен көпке қуаныш сыйлады.Қонақтар «Қарлығаш» балалар шығармашылығымен танысып, жас көркемсөз шеберлері жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларынан «Жыр-жауһарлары» поэзия кешіне Теңелұлы Балаби, Кеңес Ислам мен Марғұлан, Мінажат Мейірхан, Шынжырбай Гауһар, Темірбек Азима, Байғабыл Арман, Амангелді Гүлназ, Жұмахмет Альбина, Айтуған Шәкәрім сынды топты жарып, қара өлеңнің мәнін ұғынып, астарына терең үңіліп жүрген оқырмандарға келген қонақтар риза болды. Өлеңді оқу барда, айту бар, оны оқығанда сол ақынның ойын оқырманға жеткізе білу үлкен өнер. Осындай өлеңнен мән іздеген оқырмандарымыздың жырларына сусындаған қонақтар ары қарай «Шебер қолдар» атты шебер қыздарымыздың қолынан шыққан көздің жауын алар қолөнер бұйымдарын көріп көздері қызықты.Келген қонақтардың ерекше назарын аударған «Қышпен жұмыс жасау өнері», яғни құмыра жасап үйренуші Ерсайынқызы Бағжанның ісіне сүйсіне де, қызыға қарап, қазіргі жастардың заман көшіне ілесіп, алға қадам басып келе жатқанына қуаныштарын білдірді. Ең қызығы «Ертегі әлемінде» жобасы бойынша кішкентай оқырмандарымыздың орыс халқының «Шалқан» ертегісі бойынша қойылған қойылымы ерекше шынайылығымен көрерменнің көзайымына айналды. Ертегіні оқыған Темірбай Азима өзіндік дауыс ырғағымен ертегіні жандандыра түссе, Рахман Биназирдің «Кітап сенің-досың» атты монологынан үлкен ой түйді. Балалар жылы аясында өткізілген бұл шараға «Кітаптар сөйлейді» атты балалар әдебиетінен шығармашылық туындысы кітапханашы Шәмет Эльмираның балаларға арналған шашуындай Алпамыс мен Асланның диалогынан көрініс тапты. Жас әнші Ахметжан Ақсамалдың әнімен әуелеген кеш, жас суретшілер Нұрсая, Аягөз, Әзиза, Жансұлулардың қолынан шыққан «Бақытты балалық шақ» атты туындылары кеш қонақтарының ризашылығына бөленді. Облыстық семинар кенттік Мәдениет үйінде жалғасын тауып, баяндама оқылып, аудандық балалар кітапханасының жас оқырмандарының «Жыл кітаптарынан көріністерін тамашалады.Айтулы шараға демеушілік көрсетіп балаларға қуаныш сыйлаған қаламыздың айтулы азаматтарының бірі, кәсіпкер Игіліков Төребек Жұмабекұлына және Әйгерім Қайратқызына, Гүлзи апайға, Маханова Дәметкенге және рухани демеуші болған Алматы қаласындағы жерлесіміз Дина Толыбаева Жолдасбайқызына айтар алғысымыз шексіз!«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады»-дегендей, балаға жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын. Қуанса бала қуансын дегендей бұл күн балалардың бақытты базарлы күні болып есте қалды.
Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп тәлімдеп, тәрбиелеуге қол жеткізе алмасақ, бәрі бекер. Құлының өзін ұлына, күңінің өзін қызына айналдыра білген мейірімі мол, қайрымды қазақ едік қой, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтайық. Кітаптың қадіріне жетейік.-деп жазушы Мархабат Байғұт айтқандай балалар болашағы үшін еңбек етіп жүрген, осы шараға атсалысып,қолдау көрсеткен Ұстаздар қауымына да айтар алғысымыз шексіз.
Осы шараға атсалысқан оқырмандар марапатталып,«Балалар жылы – 2022» қорытындыланды. Бұл жылда өз ерекшелігімен жақсы аяқталды. Келер жылдан күтер жақсы үмітіміз көп. Аман болайық, бар болайық, рухани бай болайық.
Эльмира ЕРҒАЛИҚЫЗЫ
26 желтоқсан 2022 ж. 573 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031