Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар өтті

«Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар өтті

Желтоқсан айының 9-шы жұлдызында Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданында «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты –кітапхана ісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жас ұрпақты кітап оқуға тарту, кәсіби іс-тәжірибелермен алмасу. Шараға Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары және аудан кітапханашылары қатысты.
Семинарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары А.Жанғабылова ашып, «Кітапханалар – ақпарат және шығармашылық орталығы»атты баяндама жасады.
Кітапхана қызметкерлері «Кітапханадағы жобалар – оқырман тартудың жаңа мүмкіндіктері», «Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан», «Кітапхана ақпарат орталығы ретінде: дәстүрлі құндылықтар, инновациялық тәжірибелер»,«Рухани құндылықтарды насихаттаудағы кітапхананың рөлі», Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі», «Жастарды кітап оқуға ынталандырудағы көпшілік шаралар» тақырыбында ой бөлісіп,өз ұсыныстарын ортаға салды.
Семинарға қатысушылар Жалаңтөсбатыр ауылдық кітапханасының озық іс-тәжірибелерімен танысты. Шара соңыҚазалы ауданының кітапхана қызметкерлері дайындаған «Бірлік пен бақыт арнасы, Қазалының кітапханасы» әдеби кешке ұласты.
Кәсіби басқосулар мамандарға озық тәжірибелермен танысуға, креативті жобаларды жүзеге асыруға, кітапхана ісін дамытуда жаңа идеяларды талқылауға, өзара әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 желтоқсан 2022 ж. 482 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930