Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет мәйегі Мырза

Мәдениет мәйегі Мырза

Сейсенбіде Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы Роза Тәжібайқызының 100 жылдығы аясында «Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің шығармашылық кеші өтті.
Шығармашылық кеште ҚР Мәдениет қайраткері Орақ Баубеков, «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі Ерпазыл Ермаханұлы, ҚР Мәдениет саласының Үздігі Арман Әуезов, «Мырза» халықтық ұлт аспаптар оркестр дирижері Рақымжан Жарасұлы, сонымен қатар Қызылордадан арнайы шақыртумен келген қонағымыз Қызылорда облыстық филормониясы «Тұрмағанбет» атындағы халық аспаптар Тұрмағамбетов оркестрінің дирижері Руслан Серікқалиұлысынды мәдениет майталмандары аталған оркестрге дирижерлық етті.
– Бүгінгі кештің басты себебі Сыр сұлуы Р.Бағланова апамыздың 100 жылдығы мен «Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің 55 жылдық мерейтойы болып отыр.
Мерейлі күн үшін арнайы Қызылорда облысынан кәсіби дирижер Руслан Серікқалиұлын шақырған болатынбыз.
Тағы бір айта кететіні, биыл ауданда тұңғыш рет «Дирижерлар парады» ұйымдастырылып отыр. Бұл бір тарихи, айтулы күн.
Мұнда музыка өнеріндегі өзіндік орны бар, болмысы бөлек жандар жас буынға, жас музыканттарға «Мастер класс» көрсетіп жатыр. Мұның барлығы өнердің өсуі, өркендеуі мен сондағы жас таланттарды шыңдау үшін жасалып жатқан дүние, – дейді «Қорқыт ата» атындағы музыка мектебінің директоры, Мәдениет саласының үздігі Сәукен Әліш.
Көптің көңілінен шыққан әуезді кеште жиылғандар ұлттық аспаптардан төгілген, күмбірлеген күйге қанық болып, ерекше көңіл күймен тарқасты.
Әуезді кеште«Мырзаның» күйлері,халық әндері,ҚР Мәдениет саласының Үздігі композитор Сәукен Әліштің шығармалары,Шәмшінің әндері мен опералардан үзінділер сынды шығармаларын оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыстаСандуғашНұрпейсова,Гүлдана Мұратбай мен Сәкен Қуантқанұлы және Айнұр Қарлыбай сынды күміс көмей әншілер шырқады.
Кеш қорытындысында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, ұлттық дәстүріміздің оның ішінде қазақ өнерін жаңғыртуда үлкен үлес қосып жүрген ұлт-аспаптар оркестрінің ұжымына ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар, ұжымның алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп, бірқатар қызметкерлерді арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Мұнан соң аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев та оркестр мүшелеріне жылы лебізін білдірді. Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп, халықтың көңілінен шығып келе жатқан ұлт-аспап өнерпаздарына шынайы тілегін білдірдіре отырып, арнайы «Алғыс хаттар» табыстады.
– Бүгінгі «Мырза» халықтық ұлт-аспаптарының шығармашылық кеші өте жоғары дәрежеде өтті. Мен де бұл оркестрдің алғашқы құрылған шағындағы құрамында болғанмын. Оркестрдің сол уақыттағы дәрежесі мен бүгінгісін салыстырар болсақ, қазіргі өнерпаздардың деңгейі тым бөлек.
Олай деуімнің себебі бұрындары оркестрдің мүшелері әртүрлі мамандардан құралған еді. Ал енді бүгінде жас буын музыкаға машықтанған өз ісінің шеберлері жинақталған. Бұған қарап көз сүйсінбесе болмайды.
Оркестрдің ғұмыры ұзақ болсын. Қазір 55 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз, бұйырса 100 жылдық мерейтойын тойлауды жазсын, – дейді Мәдениет саласының үздігі Арман Әуезов.
Айта кетейік, аты алты Алашқа белгілі, халықтық мәшһүр ұжымдардың бірі –«Мырза» халықтықұлт-аспаптар оркестрі осыдан 55 жыл бұрын, яғни 1967 жылы құрылып,оркестр ұжымына Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің қаулысымен 10 жыл елеулі еңбегінен соң, 1977 жылы «Халықтық» атағы берілген еді.
Серік АҚМЫРЗА
09 желтоқсан 2022 ж. 408 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031