Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қорқыт сазының" қорытынды кеші

"Қорқыт сазының" қорытынды кеші

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблінің концерті өтті.

Жыл сайын аудан халқы алдында есеп беруді дәстүрге айналдырған ансамбльдің құрылғанына биыл 33 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Сәукен Әліш жетекшілік ететін өнер ұжымының бағындарған белесі аз емес. Бүгінге дейін облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қаулысымен «Халықтық ұжым» атағын алды.
Мәдениет орталығына жиналған көрермендер ансамбль орындауындағы «Қара жорға», «Ыңғай көк», «Мамық», «Балбырауын» күйлерін, «Қазақ елі толғауы», «Адам жоқ тұратұғын бір қалыпта», «Қыпшақтар», «Бұраң бел» сынды терме мен әндерді тыңдады.
Концерттік бағдарламадан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Қорқыт сазы» ансамблі ұжымы мен көркемдік жетекшісі Сәукен Әлішевті Алғыс хатпен марапаттады.
Айта кетейік, «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблі 1986 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған. Оның репертуарында Арал, Қазалы, Ақтөбе өңірі мен қарақалпақ халқына мәшһүр болған Мырза мен Жалдыбайдың, Қазанғаптың, Дайрабайдың күйлері, халық әндері және Қазақстан композиторлары мен жергілікті сазгерлердің шығармалары бар.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қазан 2019 ж. 1 655 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930