Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көкпаршы қыз туралы фильм жарыққа шығады

Көкпаршы қыз туралы фильм жарыққа шығады

Қазақстанда «Ева. Батыр-қыз» атты ерлермен бір деңгейде көкпар ойнайтын қыз туралы деректі фильм түсірілді деп хабарлады turkystan.kz el.kz-ке сілтеме жасап.

«Ева. Батыр-қыз» фильмі қазақтың ұлттық спорт ойыны көкпарға арналған, оның атауы жалпытүркілік «кок бору» — көк бөрі сөзінен шыққан.

Көкпар қарсыласты жеңу үшін қажетті күш пен төзімділікке тәрбиелейді. Фильмнің желісі – бала кезінен дала өркениетінің рухын бойына сіңірген және өзінің сүйікті ісімен айналысу құқығы үшін күрескен мықты қыз туралы.

Басты кейіпкер Ева Жигалина алғаш рет атқа 10 жасында мінді, бастапқыда әкесіне мал жаюға көмектесіп, жәй ғана атпен серуендейтін. 13 жасында ауыл тұрғындары асау аттарын үйрету үшін жұмысқа жалдай бастады, ал 15 жасында Ева көкпар ойнай бастады.

Бүгінде Ева Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарындағы ең белсенді ойыншылардың қатарына кіреді. Жылқыларды бағу, өсіру және қолға үйрету жолдасы Тельман Мусаев екеуінің отбасылық жұмысы. Ева көкпар мен бәйгеге қатысатын жылқы тұқымдарын өсірумен айналысады.

«Мен әр ойынды асыға күтемін, себебі ойыннан ерекше қуат аламын. Сүйікті жұмысыңнан рахат ала білу үлкен жетістік»,- дейді Ева Жигалина.
Команданың мүшелері фильм көрінісінің жұмысы бойынша өз әсерлерімен бөлісті.

«11 жылдан аса уақыт жылқыларды түсіріп келемін. Бұл – ерекше мәдениет, ерекше өмір салты. Соңғы 4 жыл At-travel.kz Ат спорты клубындағы достарыммен бірге атпен сапарға шығып тұрамыз. Бұл өз тамырымызды тану, ата-бабаларымыздың өмір салты, мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы түсінік береді. Біз «Ева. Батыр қыз» фильмінде жылқыларды әлі ешкім түсіріп көрмегендей түсіреміз. Жылқылардың өзі де өте әдемі, ал күн батқан кезде Алматы тауларының керемет пейзаждарымен ерекше үйлесім табады», – деді режиссёр, сценарий авторы, «Ева. Батыр қыз» фильмінің продюсері Темірбек Аманжол.


05 желтоқсан 2022 ж. 337 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930