Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Айка» фильмі «Оскар» ала ма?

«Айка» фильмі «Оскар» ала ма?

Канн фестивалінің жеңімпазы «Айка» фильмі (реж. Сергей Дворецкий) «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне кірді.

Басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған фильм «Оскарға» «Ең жақсы шетелдік фильм» номинациясы бойынша қатысып жатыр. Бұл номинация бойынша 9 фильм бақ сынауда. Бұл туралы Zhasalsh.kz сайты Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фильм Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» (Самал Еслямова) номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Сол себепті, «Оскарға» Қазақстан атынан қатысуда. «Айканың» бақталастары әзірге мексикандық Альфонс Куаронның «Рим» фильмі, япондық Хирокадзу Корэддің «Магазинные воришки» атты туындысы, поляктік режиссер Павел Павликовскийдің «Холодная война» кинокартинасы, ливандық «Капернаум» фильмі, немістердің «Never Look Away», даттардың «Виновен» атты фильмдері және колумбиялық «Birds of Passage» кинотуындысы болып отыр.

Айта кетерлігі, фильм «ең үздік шетелдік фильм» номинациясына үміткер 87 фильмнің ішінен іріктелген 9 туындының бірі. «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары 2019 жылдың 22-қаңтарында белгілі болып, марапаттау салтанаты 24 ақпанда өтеді.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 412 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031