Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шешендік сөз шеберлері

Шешендік сөз шеберлері

Ел-жұртымызға кеңінен тараған «Өнер алды қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген даналық тәмсілдерде көп мағына жатыр. Мәйекті ұғымға мән бере қарасақ, бұрынғы ата-бабалардың сөз құдіретін айрықша қадірлеп, қасиет тұтқанын аңғарамыз.
Халқымыздың Төле, Әйтеке және Қазыбектей төбе билерінен бөлек әр аймақтар мен аумақтардағы көптеген би-шешендері де ұлтымызды ұйыстырып, іргеміздің нығайып, елдік ұстанымымыздың өркен жаюына қажыр-қайраттарын жұмсаған. Солардың бірі де бірегейі Арал, Қазалы, Шалқар жеріне кеңінен мәлім, басқа өңірге де аты жеткен белгілі би- шешен Жетес Қыстаубайұлы.
Жақында осы дуалы ауызды бабамыздың 190 жылдығы құрметіне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытында «От ауызды, орақ тілді» атты шешендік сөз шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді. Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында болған бұл ұлттық құндылықты жаңғыртушылар додасына 50 жастан жоғары он талапкер қатысты. Олар белгіленген шартқа сәйкес бірінші кезеңде мазмұнды да, шұрайлы тілмен өздерін таныстырып, жас ұрпаққа өсиеттерін жаткізді. Екінші талап бойынша жұртшылық жадында сақталған атақты билер мен шешендердің тапқырлықпен, қара қылды қақ жара айтқан, ұтымды да ұтқыр пәтуаларын келістіре, кестелей баяндады.
Сахна төріне шыққандардың бәрі де шама-шарықтарына қарай бойларындағы қабілет-қарымдарын көрсетуге күш салды. Орамды ойлары, татымды да тартымды әңгімелері арқылы тыңдармандарды баурап, қошеметке бөленгендер аз болмады. Орталарында шұбалаңқылыққа беріліп, жалықтырып алғандары да кездесті.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, сындарлы сынақ қорытындысында дара көрініп, алға озғандар анықталды. Өзін ұстамды ұстап, жүйелі сөз тиегін ағыта білген Майдакөл ауылының тұрғыны Ақылбек Қитмамбетов бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Бекарыстан би ауылынан келген Жәнібек Сармолдаев пен Ғ.Мұратбаев ауылынан қатысушы Елеусіз Әбуов иемденді. Үшінші орын абайлық Ақшагүл Қызылбай, әйтекебилік Мақсұт Айгелдиев пен Гүлбану Төрееваға бұйырды.
Жеңімпаздар аудандық мәдениет орталығының дипломдарымен марапатталып, бағалы жүлделер тапсырылды. Қалған қатысушы талапкерлерге де алғыс хаттар табысталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.
Шешендік сөз шеберлері аудандық байқауындағы қазылар алқасының төрағасы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Қадырбек Бекетовпен пікірлескенімізде:
– Қазіргідей ұлттық жаңғыру кезеңінде қимас қазынамыздай болған би-шешендеріміздің ұлағатты сөздерін жас ұрпақ са¬насына сіңіргеннің пайдасы мол. Мұндай шаралар ауылдық жерлерде де жиі өткізіліп отырса деймін. Бүгінгі байқаудың кемшін жақтарынан гөрі озық тұстары көп болды, – деді.
Сахи ҚАПАР.
23 ақпан 2018 ж. 2 676 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031