Италия музыканты Димаштың әндерін қазақша шырқап жүр
Италиялық вокалист және өңдеуші Фабио Касале қазақ тілін үйренуге не түрткі болғанын айтып берді
Фабио Касале Италияның астанасы Римде дүниеге келген. Ес білгеннен өнерге жақын өсіп, ән айтты. Бұл - қалыпты жағдай, өйткені оның елі музыка өнерінің бесігі саналады. Барлық итальяндықтардың табиғатында музыкаға құмарлық пен бейім бар. Фабио гитараның бірнеше түрі, басс пен фортепианода ойнайды. Музыкант Дэвид Боуи, Фредди Меркьюри секілді ұлы орындаушылардан шабыт алатын. Ал жақында ол «S.O.S» әнін тыңдап, Димаштың шығармашылығымен танысты. Димаштың ең жоғары және өте төмен ноталарды еркін алу қабілеті Фабионы таңғалдырды. Қазақ ұлының өнеріне тәнті болған ол кавер жасауды ойға алды.
Фабио қазақ тілін білмейді. Алайда әнді екпінсіз қалай орындады деген сауалға ол мәтінді талдауға көп уақыт жұмсайтынын айтты. «Самал тауға» кавер жасау өте қиын болды, өйткені мен қазақ тілін мүлдем білмеймін. Әр мәтіннің мазмұнына мұқият назар аударып, мағынасын түсініп, тыңдау арқылы түсінуге тура келді», – дейді. Фабионың арманы - Димашпен бірге ән салу. Болашақта бірлескен композиция жазуды да ойға алып жүр. Жақында ол қазақстандық әншіге «Angelo senza confine» (Шекарасыз періште) атты әнін арнады. Онда Димашқа айтқысы келген ойын музыка арқылы жеткізген.
Қазір Фабио Dear-лар үшін тағы бірнеше тосынсый дайындап жатыр. «Самал таудан» басқа, ол Димаштың әніне тағы бір кавер шығаруды жоспарлап отыр. Одан соң өз әндерін жазуды бастамақшы. sn.kz