Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік танымал блогер ұлының есімін Димаш Құдайбергеннің құрметіне қойды

Ресейлік танымал блогер ұлының есімін Димаш Құдайбергеннің құрметіне қойды

Ресейлік YouTube-блогер Будда Гришн жаңа туған ұлының есімін әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне қойғанын айтты. Ол баласының қазақстандық өнер иесіне ұқсағанын қалайтынын жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде блогер ұлына Димаштың есімін берудегі мақсаты хайп емес екенін айтты.
«Бала тәрбиесінде аздап болсын Светлана мен Қанат Айтбаевтарға (Димаштың ата-анасы – ред.) ұқсағым келеді. Ұлымның Димаш Құдайберген сияқты өнегелі, рухани бай, керемет адам болып өсуіне септігімді тигізгім келеді. Сондықтан ұлымның есімін Димаш деп қойдым», - дейді Будда Гришна.
Блогердің сөзінше, бастапқыда перзентіне мұндай есім беру туралы ұзақ ойланыпты. Артынша шешім қабылдап, оған еш өкінбейтінін айтады.
«Димаш есімінің өзінің қуаты күшті. Ұлымды Димаш деп атап, Димаш Құдайбергеннің ерекше тұлғасын , бүкіл әлемге төгетін мейірімі мен тазалығын сезінгім келді», - дейді ол.
stan.kz
01 қараша 2019 ж. 1 141 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031