2 наурызда ауа райы қандай болады
Синоптиктер сәрсенбі, яғни 2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың солтүстігінде, шығысында қар жауады, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, ҚР оңтүстік таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шығысында жаяу бұрқасын, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, түнде оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болып, жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысының басым бөлігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, түнде және таңертең Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.