Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынның тоқтатылуы және температуралық фонның төмендеуі байқалады, республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасынды сақтай отырып қозғалады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында..
Түнде Ақмола облысының батысында тұман түседі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман түседі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, жаяу бұрқасын болады.
Түнде Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасынмен жел 18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасынмен жел 18 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында бұрқасын болады, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
16 ақпан 2022 ж. 437 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930