Тұман, жел: 28 қаңтарға ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстікте тұман, батыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде бұрқасын, оңтүстікте тұман күтіледі.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында – тұман. Таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, екпіні 23 м/с соғады.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында – тұман, орталықта – жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында – тұман, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с, күндіз оңтүстік-батысында, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматының оңтүстігінде Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.