Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 19 тамызға арналған ауа райы болжамы

19 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, орталығында, шығысында және оңтүстігінде бұршақ жауады, солтүстікте және орталықта түңгі және таңғы уақытта тұман түседі», - делінген хабарламада.
Атап айиқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде солтүстікте, күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды, жел 18 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с соғады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады, Ақтөбеде, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
19 тамыз 2021 ж. 625 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31