Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде дауыл соғып, бұршақ жауады. Синоптиктер жұма, яғни 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбырмен бірге найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасө қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.
11 маусым 2021 ж. 566 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930