18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер сәрсенбі, яғни 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейеюі, шығыста және оңтүстікте бұршақ, солтүстік-шығыста және орталықта түңгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, жел 18 м/с күшейеді, түнде батыста, оңтүстік-батыста тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде таулы аудандарында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстік, шығыс облыстарында күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысында шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Алматы облысының шығыс және батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.