Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Микроавтобус жол апатына ұшырап, 13 адам қаза болды

Микроавтобус жол апатына ұшырап, 13 адам қаза болды

Чувашия Республикасында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Агенттік тартқан мәліметтерге қарағанда, құрбан болғандар туралы мәліметтерді медицина ұйымдарындағы дереккөз таратқан.
«Жалпы мерт болғандар саны 13 адам»,-деді ол.
Дереккөздің мәліметтерінше, ауруханаға 7 адам жеткізілген, олардың 4-уінің жағдайы ауыр. Тағы біреуінің денсаулық жағдайы орташа. Тағы екеуі жеңіл жарақат алған. Микроавтобустың бір жолаушысы мен жүк көлігінің жүргізушісіне амбулаториялық көмек көрсетілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша, зардап шеккендер саны 10 адам. Үш адамның жағдайы мүшкіл. Олар Чебоксары қаласының ауруханасына жеткізілген.
Ресейдің жол тәртібін қадағалау органдарының баспасөз қызметі микроавтобус пен жүк көлігі жүргізушілерінің аман екендігін айтты.
Мемлекеттік автоинспекция оқиға орнына өзінің қызметкерлерін жіберген.
Ресми мәліметтер бойынша, көлік апаты М-7 трассасының 647-ші шақырымында болған. Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккендердің барлығы көліктерден шығарылғандығы айтылады.
Фото: Никита Васильев/ТАСС
12 қазан 2018 ж. 2 045 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 89

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 86

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930