Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иіс тиген 15 оқушы ауруханаға жеткізілді

Иіс тиген 15 оқушы ауруханаға жеткізілді

Кеше Орал қаласындағы №40 мектептегі оқыс оқиғадан кейін 15 оқушы мен 1 мұғалімнің ауруханаға жеткізілгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, сағат 11.24-те аталмыш мектептен үш оқушының өзін жайсыз сезінгені туралы хабар түскен.
Сағат 11.30-да жедел жәрдемнің алғашқы бригадасы оқиға орнына жеткен. Кейін оған қоса 4 бригада шығып, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тағы 12 оқушыны жеткізген. Бір мұғалім қалалық көпбейінді ауруханаға түскен.
Баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің барлығына белгісіз химиялық заттан жеңіл дәрежеде уланған деген диагноз қойылған. Олардың тыныштығы мен көп сұйықтық ішуі қамтамасыз етілді. Барлық 15 оқушы бірнеше сағат бойы дәрігерлер бақылауында болды. Содан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық күйге жетіп, денсаулығына қауіп төнбеген соң, үйлеріне қайтарыла бастады.
Жеңіл дәрежеде улануға қоса бұл жағдай жанына жайсыз тиген мұғалімді уақытша ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқушылардың уланғаны жөнінде шамамен сағат 11.53-те хабар түскен. Сол бойда оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілген.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталмыш мектепте газдың иісінен бірнеше оқушының жедел жәрдем қызметіне жүгінгенін жазған болатынбыз.
05 қазан 2018 ж. 1 173 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 78

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 80

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930