Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткен «ENGLISH WITH US» конкурсының жеңімпазы анықталды

АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткен «ENGLISH WITH US» конкурсының жеңімпазы анықталды

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Астанадағы АҚШ елшілігі демеушілігімен «English with us» бренд елшілерінің байқауы өткен болатын. Бұл туралы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі хабарлады.
Байқауға 300-ден астам өтінім келіп түскен. Сайысқа қатысушылардың кəсіптері мен қызмет көрсету аялары сан алуан: студенттер, оқытушылар, тілшілер, блогерлер, дəрігерлер, мемлекеттік орган қызметкерлері, болашақ режиссерлер мен актерлер, ғылым саласындағы қызметкерлер, инженерлер.
Байқаудың негізгі мақсаты–ағылшын тілін үйренудің түрлі салалардағы азаматтарға қалай көмектесетінін қазақстандықтарға көрсету арқылы танымал етуге бағытталған.
Қазылар алқасының құрамы Астана қаласындағы АҚШ елшілігі мен Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының бес қызметкерінен, яғни АҚШ елшілігінің баспасөз атташесі, АҚШ елшілігінің ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсесінің басшысы, АҚШ елшілігінің ағылшын тілі бағдарламасы үйлестірушісі, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының қоғамдық істер бөлімінің офицері, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының қоғамдық істер бөлімінің басшысынан құралған. Қазылар алқасының шешімімен әр сала бойынша 8 конкурсант жеңімпаз атанды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының оқытушысы Жақсылықов Еркебұлан Әділбекұлы жеңімпаз болып, ағылшын тілін үйренуге арналған грант иегері атанды.
Байқауға қатысушылар ағылшын тілін меңгеруді жетілдіруге деген айқын ынтасы, бейне өтінімі мен оған ілеспелі мәтіннің сапасы мен түпнұсқалығы, сондай-ақ кәсіптердің, мекен-жайлардың және қатысушы жасының әртүрлілігіне байланысты бағаланды.
e-kyzylorda.gov.kz
20 қаңтар 2018 ж. 1 065 0

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 39

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 38

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 39

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 72

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031