Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Керемет “коворкинг”

Керемет “коворкинг”

Қазалы аудандық кітапханасында жас­тар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алатын «Сoworking» орталығы ашылды. “Нұр Отан” партиясының бастамасымен қолға алынған бұл игілікті жобаның оқырмандар үшін берері өте көп.
Заманауи құралмен жабдықтал­ған орталықтың ашылу салтана­тына аудан әкімі М.Ергеш­баев қатысты. Кітапхана қызмет­керлері­мен жүздескен аудан бас­шысы олардың жай-жағдайына жан-жақты қанықты.
– Күнделікті өмірімізге ене бас­таған «коворкинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Жаңа орталық мұнда келушілердің сүйікті демалыс орнына айналады, сондай-ақ балалар рухани танымдық өресін кеңейте алады. Мұның жас өскін­дердің шығармашылығын шың­дап, жан-жақты дамуына септігі мол. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған бөлмеден ғаламтор желісі арқылы жас оқырмандардың қажетті ақпаратты алуына да жағдай жасалған. Ата-аналарымен келген балалар ертегі тыңдап, тоғызқұмалақ, дойбы, тағы басқа логикалық ойындарға белсене араласады, – деді жаңа орталық жайында сөз қозғаған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова.
Шарада Ә.Тәжібаев атындағы Қызыл­орда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Бақытнұр Мырзахметова аудандық кітапхана ұжымына сәттілік тілеп:
– Қазалы ауданында ашылған Көше кітапханасы республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да өздеріне үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл – қуантарлық іс. Бүгінгі күні ашылған «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық, – деді.
Айта кетейік, коворкинг дегеніміз – кітапханадан арнайы бір бөлмені оқырмандарға сай етіп әзірлеу. Яғни, мобильді стандарт бойынша жаб­дықталады. Коворкинг орталығы кез кел­ген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстел ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, ой-өрісін кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орын. Сондықтан мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туындап отыр.
Айта кетерлігі, кітапханадағы коворкинг орта­лығы дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін қыз­мет көрсетеді.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ

22 ақпан 2019 ж. 1 819 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930