Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » "Қазақстанның кітапханалары" атты жаңа партиялық жоба аясында семинар өтті

"Қазақстанның кітапханалары" атты жаңа партиялық жоба аясында семинар өтті

«Кітапханада жайлы ақпараттық орта қалыптастыру: жаңаша мүмкіндіктер» тақырыбында ұйымдастырлған семинарға облыстық партия филиалының басшылығы, жергілікті мәслихаттағы фракция мүшелері және аумақтық кітапхана жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.
Жиылғандар алдымен кітапхана жанындағы IT орталықтың жұмысымен танысты.
Ақпараттық технологияны дамытуға арналған бұл алаңда аймақтың жетекші програмистері бірігіп жұмыс жасайды. Ол үшін коворкинг, әңгімелесу, демалыс аймағы, жекеленген жұмыс жасау арналған орындар, 2 конференцзал, 3D студия және технолабораториялар қарастырылған. Работотехникаға арналған арнайы орындар да бар. Парк жұмысымен танысқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев орталық жұмысын тиімділігін атап өтті.
-Жалпы IT парктер «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылып жатыр. Қазір IT мамандарына сұраныс артып отырғандықтан бұл парк жұмысының мақсаты Қызылордаға IT мамандарды шоғырландыру. Оларды цифрландыру жөніндегі нақты жобаларға жұмылдырып, мүмкіндіктерін шыңдау »,- деді.
Мұнан соң жиылғандар семинар алаңында бас қосты. Мұнда Ибадулла Құттықожаев, Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған жаңа партиялық жобаларды кеңінен таныстырды. Соның ішінде кітапханалар жұмысын да партия назарынан тыс қалмағандығын айтып, кітапхана қызметкерлерін бір қуантып қойды.
-Биылдан бастап партияның бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның кітапханалары» атты жаңа жоба қолға алынды. Бұл жоба аясында еліміздегі кітапханалар заманауи білім орталығы ретінде қайта құрылып, кітап қорының электронды нұсқалары дайындалатын болды. Бұл өз кезегінде барлық мектептердегі және университеттердегі кітапханаларды біріңғай онлайн кітапханаға қосу, интернетке қол жеткізу, қазіргі заманғы кітаптарды оқу мен сату үшін ашық кеңістіктер жасауды көздеп отырғандығын атап өтіп, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова сөз алып, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастыру, кітап қорыларын электронды форматқа көшіру бағытында өңірімізде қолға алынған жұмыстарды атап өттіп семинар жұмысына сәттілік тіледі.
24 мамыр 2018 ж. 134 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031