Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

Қазалы аудандық кітапханасында «Сoworking» орталығы ашылды.

Салтанатты шараға Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Нұржамал Мырзамұратова қатысып, аудандық кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.

«Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы - республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да өздеріне үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл - қуантарлық іс. Бүгінгі күні ашылған «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық», - дейді Нұржамал Мырзамұратова.

Сондай-ақ Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты.

Айта кетейік, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде аудан жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар, орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.

21 ақпан 2019 ж. 1 966 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30