Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ҰБТ басталды

Елімізде ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды. Тестілеуге қатысуға 36 мыңға жуық адам өтініш берген. Қаңтардағы ҰБТ нәтижесі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға жарамсыз. Тестілеу құны - 2242 теңге.

Тестілеу 74 ҰБТ өткізу пункті базасында өтеді. Биылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) тапсыруға болады. Ал білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Сынақты тапсыру форматында өзгеріс жоқ.

ҰБТ-ға қатысу құжаттары 2018 жылдың 1-15 желтоқсанында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданған. Министрліктің мәліметінше, тестілеуге қатысуға 35 838 адам өтініш білдірген, оның ішінде, қазақ тілінде – 25 615, орыс тілінде - 10 162, ағылшын тілінде - 61 оқушы.
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ҚазАТУ ғимаратына келіп, талапкерлерге сәттілік тіледі.

"Бүгін тарихи сәтте тұрмыз. Біз алғаш рет балаларымызға жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бердік. 18 қаңтарда елімізде 35838 адам ҰБТ-ға қатысып жатыр. Әр өңірден мәлімет келіп түсті. Бәрі аудиторияларына отырды. Штаттық режимде тестілеу басталды", - деді Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Ол тестілеуді жылына төрт рет өткізу арқылы балаларға эмоционалдық көңіл-күйлері дұрыс болып, психологиялық жүктемені азайтуға, қандай пәндерге дұрыс дайындалуы керек екенін білуге көмектесетінін айтты.

"Бүгін олар ақылы бөлімге түсу үшін тапсырады. Маусымда грант алуға мүмкіндік беретін тестілеуге де қатыса алады. БҒМ үшін балаларға сәттілік тіледік. Кабинеттерден өттім, көңіл-күйлері жақсы. Олар әлі үш рет тапсыра алады. Бүгін оларға білімін сынауы үшін жақсы мүмкіндік", - деді вице-министр.

Суханбердиева қаңтарда өткізіліп отырған тестілеуге мемлекеттен шығын шықпағанын айтты.

"Балалар ақылы түрде тапсырып жатыр. Биыл 150 мыңннан астам оқушы мектеп бітіреді. Бүгін 35 мыңнан астам бала тестілеуге қатысады. Жыл сайын ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 5-7% жоғарылап келеді", - деді ол.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге:
- жалпы білім беретін мектептердің 11 (12) сынып оқушылары;
- бірінші академиялық оқу кезеңін аяқтағанға дейін (шартты түрде қабылданған) ЖОО-ға қабылданған тұлғалар;
- шығармашылық мамандықтарда оқитын және басқа мамандықтарға ауысуға ниет білдірген студенттер қатысады.

Өңірлерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің 309 өкілі жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылды . Медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылып, тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қажет болған жағдайда жеке көмекшілер, сондай-ақ, сурдоаудармашылар ұсынылатын болады.

ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде 444 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Қаңтар айында өткізілетін сынақта 520 аудитория пайдаланылады. Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында барлық аудитория ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген делінген.




18 қаңтар 2019 ж. 1 239 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930