Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алдағы ҰБТ төрт мәрте өткізілетін болады

Елімізде алдағы ҰБТ төрт мәрте өткізілетін болады

Білім министрлігі түлектер міндетті түрде университетке түсу үшін жеңілдік жасамақшы. Яғни, келесі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу төрт рет өткізіледі екен. Бірақ бұл тек ақылы бөлімде оқитындарға қатысты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"2019 жылдан бастап ақылы түрде оқу үшін мектеп бітірушілер төрт рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Яғни, олар қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тапсыра алады. Бұл тек ақылы. Ал грантқа конкурсқа түсем десе, тек қана маусым айында дәстүрлі ҰБТ-ның сертификатымен ғана грантқа түсе алады", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Қаңтарда, яғни, мектепті бітірмей тұрып тапсырған тестің сертификатымен жоғары оқу орындарына құжат тапсыруға болады екен. 
Сондай-ақ, жас түлек маусымда өтетін емтиханға да қатысып, мемлекеттік грантқа таласа алады. Ал ҰБТ-ға өтініш биыл 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.

Алғашқы тест келесі жылы қаңтардың 15-і мен 20-сы өтеді деп жоспарланған. Түлекті төртеуінде де ата-анасы алып жүру керек. Бұл жолы ұстаздар оған араласпайды. 

Сонымен қатар, әр сынақ ақылы, үміткер 2 мың теңгеден астам ақша төлейді. Емтиханды үш тілде тапсыруға болады.
23 қараша 2018 ж. 940 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930