Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кентке көрік қосқан «Көркем – Сервис»

Кентке көрік қосқан «Көркем – Сервис»

Бейсенбі күні «Қазалы – Көркем – Сервис» ЖШС жаңа ғимара­тының ашылу салтанаты өтті. Оған аудан әкімі М.Ергешбаев бастаған ел аға­лары қатысты. Алқалы жиында сөз алған аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, іргелі ұжымның тындырымды тірлігіне, ауданның өсіп-өркендеуі жолындағы үлгілі жұмыс­тарына тоқ­талды.
– Барлық көрсеткіштер жағынан облыста Қазалы ауданы алдыңғы қатарда. Бізде 5 мыңға жуық кәсіп­керлер қарқынды жұмыс істеп жатыр. Оған қоса аймақ басшысы «Кіші кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялағаны өздеріңізге мәлім. Және де тағы екі жыл қосылып, енді үш жыл қатарынан кәсіпкерлерге жан-жақты көмек жасалынатын болады. Биылдың өзінде 32 миллиард теңге қаржы инс­титуттарынан, бюджеттен бөлінген. Бұл үлкен қомақты қолдау деп ойлаймын. Жалғыз Әйте­ке би кентінің орталығында емес, бар­лық елді мекендерде кәсіп­керлік бағытының даму қарқы­ны өте жоғары. Осы ашылғалы жатқан нысан мемлекеттің, аймақ басшы­сының қолдауы екені сөзсіз.
Кенттің ішіндегі тазалықтың сақ­талуына аталмыш ұжымның еңбегі зор. Барлығы қажырлы істеріңіздің нәтижесі деп білемін, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы О.Бекбанов сөз алып:
– Соңғы жылдары Әйтеке би кентінде түрлі нысандар пайдалануға беріліп, аудан ажарына сән қосып келеді. Соның бірі осы ғимаратты айтуға болады. Қазалыдан түрлі пай­далы қазба шықпағанымен, біз­дің ауданның кәсіпкерлік саласы өте қарқынды. Ел ішінде «екінші Түркістан» деген атқа ие болуы да бекерден-бекер емес. Бұл да болса аудан азаматтарының іскерлігін, жан-жақты ізденісін көрсетеді, – деді.
Бұдан кейін жаңа ғимараттың лентасын аудан әкімі, «Рза» АҚ президенті, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы С.Имандосов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы О.Бекбанов қиып, қатысушылар бөлмелерді аралап көрді.
Айта кетерлігі, «Қазалы – Көркем – Сервис» ЖШС 2014 жылдан бері Әйтеке би кенті бойынша санитарлық-тазалық, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Кенттегі 186 көшенің 84 көшесінің, шет аймақтардың, қоғамдық демалыс орындарының тазалығымен айналысады.
Есет ТАБЫНБАЕВ
10 қараша 2018 ж. 1 714 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930